Алматы қаласы №4 қалалық емхананың СӨС дәрігері У.М.Амиркенова Сүлеймен Демирел атындағы «Мектеп-интернат-колледж» оқушыларына «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Басқосуда қызылшаның асқынуы және оның алдын алу жолдары жайлы сұрақтар қаралды.
Қызылша - қауіпті вирусты ауру. Алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Дәрігер қызылшадан қорғайтын жалғыз жол оған қарсы екпе жасату екенін ескертті.







