МӘМС аясында Алматы қаласы №4 қалалық емханасында логопед-дефектолог, олигофренопедагог Козбахова Айгүл Қайырбекқызы қабылдау жүргізетінін хабарлаймыз.
Айгүл Қайырбекқызы балаларға диагностика, түзету бағытындағы жеке және топтық сабақтар өткізеді. Сонымен қатар сенсорлық интеграция және арт-терапия дәрістерін жүргізеді.
Қабылдау педиатр дәрігерінің жолдамасымен, алдын ала жазылу арқылы №319А кабинетінде сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Айгүл Қайырбекқызының жұмысының басты ерекшелігі – әр баламен жеке жұмыс істеу тәсілін қолдана отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізу. Ол – балаларға және кәсібіне үлкен сүйіспеншілікпен қарайтын өз ісінің маманы.







