МӘМС аясында Алматы қаласы №4 қалалық емханасында логопед-дефектолог, олигофренопедагог Айгүл Козбахова қабылдау жүргізеді. Айгүл Қайырбекқызы балаларға диагностика, түзету бағытындағы жеке және топтық сабақтар өткізеді.
Сонымен қатар сенсорлық интеграция және арт-терапия дәрістерін жүргізеді. Айгүл Қайырбекқызының жұмысының басты ерекшелігі – әр баланың жүрегіне жол табу, жеке жұмыс тәсілін қолдану, сол арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Ол – өз ісінің нағыз маманы, балаларға және кәсібіне үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Қабылдау педиатр дәрігерінің жолдамасымен, алдын ала жазылу арқылы №319А кабинетінде сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.







