8 наурыз қарсаңында №4 ҚЕ емханасының ер азаматтарының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Басқосуда ұжым басшысы Б.К.Утаганов нәзік болмыс иелерін құттықтап, әйел қауымының қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды. Емханада еңбек етіп жүрген ханымдарға денсаулық, бақыт, амандық тіледі. Шара барысында үздік қызметкерлер Құрмет грамотасымен марапатталды. Жиын мерекелік концертке ұласты.
Жаңалықтар
8 наурыз







